$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда кәсіпорын қызметкерлері құны 50 млн теңгенің кабелін ұрлаған

Кінәлілер бас бостандығынан айырылды.

Алматыда кәсіпорыннан құны 50 млн теңгенің кабельін ұрлаған 14 қызметкер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Компания өкілінің айтуынша, қала аумағында кабель ұрлау үш жылдан бері жалғасып келген. Жалпы материалдық шығын – 50 миллион теңгеден асты. 

 

Тергеу іс-шараларының нәтижесінде кәсіпорынның 14 қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды, олар кабельдердің, тізбектердің және дабыл қорғанысының орналасқан жерін біле отырып, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтар айының соңына дейін мүлікті жымқырып келген. 

 

«Алматы полициясының басшылығына, Түріксіб аудандық полиция басқармасының полиция қызметкерлері, атап айтқанда тергеуші Әнуар Шәріповтің, жедел уәкіл Жасұлан Асылхановтың және басқарма бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Айдарбек Керімбековтың кәсіби және адами қасиеттері үшін алғыс айтам»,- деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының уәкілетті өкілі Ш.Раздықов. 

 

Айтуынша күдіктілер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына (Ұрлық, яғни алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының аса ірі көлемде мүлікті жымқыруы) сәйкес қозғалған қылмыстық іс аяқталды. Кінәлілер бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #ұрлық