Ranking.kz аналитика ресурсы өңір әкімдіктеріндегі жемқорлық деректері бойынша рейтинг жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында әкімдіктер мен құрылымдас бөлімдердің 91 қызметкері жемқорлық қылмыспен ұсталған. Бұл - кейінгі жылдардағы «рекордты» көрсеткіш. Мысалы, 2021 жылы жемқорлық әрекетімен мемлекеттік қызметкер ұсталған», - деп жазады аналитикалық ресурс.
Өңірлер бөлінісінде Түркістан облысындағы әкімдік қызметкерлері жемқорлық қылмыспен жиі ұсталған – 13 адам.
«Көшбасшы» өңірлер арасында жемқорлық қылмсының көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы (11 адам) мен Шымкент қаласы (9 адам) алғашқы үштікте тұр.
Ал рейтингтің ең соңында тұрған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде 1 ғана жемқорлық фактісі тіркелген.