Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Дархан Қыдырәлі осыған дейін Түркі академиясын басқарған. Сондай-ақ, "Егемен Қазақстан" газетінің басқарма төрағасы, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары ретінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылған Асқар Омаров Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.
Асқар Қуанышұлы Омаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: халықаралық экономикалық қатынастар.
Осы уақытқа дейін «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болған Ержан Бабақұмаров бүгін қызметінен босады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды" - делінген хабарламада.