$ 494.87  520.65  4.91

«Зорлап, өлтіріп кеткен»: Нұр-Сұлтандағы үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды

102 нөміріне Әуезов көшесіндегі үйдің тұрғынынан алаңда қанға боялған қыз жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Нұр-Сұлтандағы үйлердің бірінен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылып, қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«102 нөміріне Әуезов көшесіндегі үйдің тұрғынынан алаңда қанға боялған қыз жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 34 жастағы әйелдің денесін тапты», - делінген қалалық полицияның хабарламасында.

Құқық бұзушы бір тәулік ішінде Ақмола облысының аумағынан табылды. Анықталғандай, бір күн бұрын 37 жастағы ер адам аулада жас келіншекпен кездесіп, оны пәтерде бос уақытын өткізуге шақырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары