$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанның бірінші министрі болған Қадыр Байкеновпен қоштасу рәсімі өтті

Қадыр Байкенов Кенсай 2 зиратына жерленді.

Бүгін Қазақстанның бірінші министрі болған Қадыр Байкеновпен қоштасу рәсімі Ғылым ордасы РГП ғимаратында өтті. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер министрі, қала әкімі және басқа да лауазымды тұлғалар көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне туыстары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, достары және қала тұрғындары қатысты. Қадыр Байкенов Кенсай 2 зиратына жерленді.

10 қазанда Қадыр Байкенов 78 жасқа толар еді.

1967-1985 жылдар аралығында инженер-конструктор, цех бастығы, өндіріс жөніндегі бастықтың орынбасары, бас инженердің орынбасары, партком хатшысы, Алматы ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

1985-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы обкомының хатшысы болған.

1987-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.

1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы болды.

1991-1993 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып істеді.

1993 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрі қызметіне тағайындалды.

1994-1995 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы болған.

1998-1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті болып жұмыс істеген.

1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Инвестконсалсинг» компаниясы» ЖШС президенті болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары