Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеңгетейлық жасаған ер адам мен интимдік қызмет көрсететін екі қызды ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ақтау қаласының 14-ші шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде ақылы интимдік қызмет көрсететін екі қыз, сондай-ақ оларға жеңгетайлық жасады деген күдікті - 36 жастағы ер адам ұсталған.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жеңгетайлық) бойынша тіркелді.