$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында гуманитарлық көмекке 820 млн теңге бөлінеді

Қажет болса, біз қосымша ақша бөлеміз.

Облыс бюджетінен өңір билігі төтенше жағдай режиміне байланысты зардап шеккен аудандардың тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

"Біз жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияладық. Бүгінде облыс әкімінің резервінде 820 млн теңге бар, бұл ақша әзірше қолжетімді. Қажет болса, біз қосымша ақша бөлеміз. Бұл ақша бірінші кезекте гуманитарлық көмекке, көмек көрсетуге, тұруға, тамақтануға бағытталады. Сонымен қатар, қосымша қаражат сұраймыз", - деді ол.

Бұл қаражат зардап шеккендерге қолғабыс етуге жұмсалады. Алдымен тұрғындардың уақытша баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Қазір зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылып жатыр.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары