Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы медициналық колледждің біріндегі дәретхана суреті жарияланды. Кадрдан унитаздар арасының бөлінбегенін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Балалардың білімін көтеруге қыруар қаржы бөлініп жатыр. Дәретхана мен өзге де құрылыс жұмыстарына арналған ақшаның қайта кеткені белгісіз. Бұл бассыздық, дәретхананы осылай салуға бола ма? Сөз жоқ", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Медициналық колледждегі мәселе туралы белсенді Сандуғаш Дүйсенова хабарлады. Дәретхананың суретінен кейін ол студенттердің хабарламасын жариялады. Кадрдан білім алушылардан жазба астында оң пікір қалдыруларын сұрағанын көруге болады.
Ал колледж басшылығы бұл туралы пікір білдірмеген.