Бразилияның Парана штатында 31 жастағы әйел балаларын өлтіріп, мәйіттерін үйінде екі апта сақтаған, деп хабарлайды The Mirror басылымы.
Элиара Паз Нардес есімді әйел өз адвокатына қоңырау шалып, қылмыс туралы мойындаған. 9 жастағы Алиса мен 3 жастағы Жоаким әйелдің төсегінде өлі күйінде табылған. Мәйіттердің иісі шықпауы үшін әйел жамылғымен жауып қойған.
Бастапқыда Нардес балаларын қылмысты мойындаған күні өлтіргенін айтқан. Алайда сараптама мәйіттердің жатқанына екі апта болғанын анықтаған. Әйел ұлын жастықпен, ал қызын мойынорағышпен тұншықтырып өлтірген.
"Ол өзінің шаршағанын, жалғыз болғанын және қаржылық әрі эмоционалдық тұрғыдан балаларын тәрбиелей алмайтынын айтты. Бастапқыда өзін өлтірмек болған, алайда балалардың басқа ешкімі болмағандықтан, алдымен балаларды өлтірген", – делінген полиция хабарламасында.
Қылмыс болғанға дейін Нардес жұмыс істеп, қарапайым өмір салтын ұстанған. Қазір оған кісі өлтіру, қылмысты жасыру және процессуалдық алаяқтық айыптары тағылған.