Жаңалықтар 05.09.2022 сағат 09:40

Ұлт ұстазының тойы өтпей қалған Қостанайда 16 мың адамға арналған музыкалық шоу болып өтті

Ұлт ұстазының тойы өтпей қалған Қостанайда неге 16 мың адамдық музыкалық шоу өтеді?
Ұлт ұстазының тойы өтпей қалған Қостанайда 16 мың адамға арналған музыкалық шоу болып өтті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Kostanay Music Fest» музыка фестивалінің ұйымдастырушылары өрт кезінде өткен концерт туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл концерт жеке қаражат есебінен ұйымдастырылды. Қостанайдағы әртістердің өнерін тамашалауға Қазақстанның көптеген қаласынан мыңдаған жас келді. Бір айда 16 000 билет сатылды. Біз тек шара басталар кезде ғана өрттің өршігенін және бір адамның қайтыс болғанын білдік. Ал бұл уақытта көрермендердің барлығы стадион алдында тұрды. Концертті тоқтатуға мүмкіндік болмады. Басынан-ақ түскен қаржыны толықтай қайырымдылыққа аударамыз деп жоспарлаған едік. Сол себепті зардап шеккендерге концерттен түскен ақшаны аударамыз, яғни 50 миллион теңге осы табиғи апаттан қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек ретінде беріледі»,—деді аталған шараны ұйымдастырушылардың бірі Алмас Жәли.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар