$ 494.87  520.65  4.91

4 адамның өмірін жалмаған қару дүкеніндегі жарылыстың ВИДЕО-сы пайда болды

"Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған.

Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген бейнежазба желіде жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видео "Наша Газетаның" Telegram-арнасында жарияланды.

Alau.kz сайтының жазуынша, "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Видеодан ғимараттан өрт шығып жатқанын көруге болады. Кейін сол дүкеннен бірнеше адамдар жүгіріп шығады.

Жарылыс салдарынан дүкеннің 7 қызметкері зардап шекті. Оның төртеуі қаза тапты. Ал күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілген.

"Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 341-бабы 1-бөлігі (ормандарды жою), 292-бабы 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", — делінген хабарламада.

3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі "Оружейная палата" дүкенінде өрт шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары