$ 498.34  519.72  4.85

«Ашық-шашық киінген қыздан киімі үшін бас тартпа»: Жазира Байырбекова ұлына қандай ақыл айтты

Жазира Байырбекова құдаларының пейілі кең, еңбекқор жандар болғанын қалайды.

Әнші Жазира Байырбекова көптен бері ұлын үйлендіруді армандап жүр. Ол желіде болашақта қандай адамдармен құда-құдағи болғысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова құдаларының пейілі кең, еңбекқор жандар болғанын қалайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты. Оған қоса өнер иесі ұлына қыз таңдауға қатысты көмектесуге дайын екенін жеткізді. Ол баласына бойжеткендердің сырт келбетіне емес, ішкі жан дүниесіне қарауға кеңес берді.

"Ешкімнің ақысын жемеген, пара алмаған, ешкімге қиянат жасамаған, адамдарға жылы сөзбен болса да мейірім, жақсылық жасаған, пейілі кең, тек жақсы ойлап, жақсы сөйлейтін, бала-шағасын адал жолмен асырап отырған еңбекқор жандармен құда-құдағи болғымыз келеді. Өйткені біздің ұрпағымызға құдаларымыздың да іс-әрекеттері әсер етеді.

Қазбекке айттым. "Денесіне тырысқан, қысқа, ашық-шашық киініп жүрген қызды ұнатып қалсаң, киім үшін бас тартпа. Ішкі жан дүниесі дұрыс болса, жас қосылған сайын өзі-ақ иманы өсіп, жабылады" деп. Тағы қосарым, болашақ келініміз атақты адамдардың немесе бай адамдардың немесе қарапайым адамдардың қызы болғаны мен үшін маңызды емес. Жаны таза, пейілі таза, жүрегі таза болғаны маңызды. Алла тағалам сіздерге де, бізге де арманымыздағыдай келін келуін нәсіп етсін", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары