$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда автобус өртеніп кетті

Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында өртенген.

Алматыда № 38 автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8.27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

«Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08-47-де оқшауланып, 08-50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.

Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-на тиесілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Автобус өрті