$ 494.87  520.65  4.91

ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін 137 түлек білім грантынан айырылды

Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.

ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін 137 қазақстандық грантынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде видеоларды қарау нәтижесі бойынша 153 тестілеушінің ҰБТ нәтижесі жойылды, оның ішінде 137-сі білім грантының иегері. Қазірдің өзінде тиісті шаралар қолданылып, олардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды", - деді Емелбаев.

Оның айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр, тиісті мемлекеттік органдарға әрі қарай жұмыс істеу үшін хаттар жолдануда.

"Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзған 322 адам аудиториядан шығарылды",  деп бөлісті ҰТО директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ нәтижесі