$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда таудан өрт шықты (ВИДЕО)

Тұрғындар құрғақ шөптің жанғанына алаңдаулы, себебі от тұрғын үйлерге дейін жақындаған.

Алматы тұрғындары тауда өрт шыққанын мәлімдеді. Олар құрғақ шөптің жанғанына алаңдаулы, себебі от тұрғын үйлерге дейін жақындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт туралы Медеу ауданының тұрғандары мәлімдеді. Кеңсай-1 шағынауданында 6 қыркүйек таңғы 10:00 шамасында үйлер маңында түтін байқалған. Мұнда құрғақ шөп жанып, жалын үйлерге жақындай түскен.

"Біз бірден өрт сөндірушілерге қоңырау шалдық. Үйде әйелдер мен балалар ғана болғандықтан, қаладан ер адамдарды шақырдық. 12:00-де келген олар өртті сөндіре бастады. 13:00 шамасында біз жаққа бес өрт сөндіруші келді. Бұған дейін олар таудың екінші жағында өртті сөндірген", – дейді алматылық Жансая Смағұл.

Төтенше жағдайлар департаментінде Сәрсенбаев көшесіндегі үйлердің маңында құрғақ шөптің өртенгенін мәлімдеді.

"Тау бөктері өртенді. Хабарламаға Медеу ауданынан жеке құрамның 21 қызметкері мен 4 бірлік техника жіберілді. Сәрсенбаев көшесі екі телімге бөлінеді, бірақ біз қызметкерлерді барлық жер телімдеріне жібердік, жағдай бақылауға алынды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте таңертең Алматыда жолаушыларға толы автобус өртеніп кеткен еді. Өрт сөндірушілер жарты сағаттан аз уақыт ішінде өртті толық сөндірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #өрт