Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елордаға Астана атауын қайтару туралы мәжіліс депутаттарының ұсынысы жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Біз халықтың пікірін ескеруіміз керек. Халық пен қала тұрғындарының пікірі – ең негізгі фактор. Қазақстандықтардың не айтып жатқанын ескеріп, Мәжіліс депутаттары осындай бастаманы көтерді. Мұндағы ең басты мәселе – халық үні. Халық қолдаса, шешім шығаруымыз керек. Бұл жерде саяси ойын жоқ. Басты мәселе – халықтың пікірін ескеру», - деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.
Әшімбаев Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы бойынша өздерінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сүйеніп, тек халық пікіріне құлақ асатынын жеткізді.
«Астана атауына қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Қазір талқылау процесі жүріп жатыр», - деді Сенат төрағасы.