Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай мүшесі Тоқтар Әубәкіровпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Халық қаһарманы қоғамдық мәселелерге, соның ішінде ғылым саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді.
"Кездесуде Тоқтар Әубәкіров Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген тақырыптар мен елдегі реформалар жөнінде пікірін айтып, өз қолдауын білдірді", - деп жазылған ақпаратта.