$ 449.58  486.94  4.86

«Қарашығанақта мұнай өндіру уақытша тоқтатылады» – министрлік

Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кеніші - дүние жүзіндегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі. 1979 жылы ашылған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қарашығанақ мұнай-газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл ақпаратты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарашығанақ кен орнында жоспарлы күрделі жөндеу жүргізу үшін мұнай өндіруді тоқтату жоспарланған», - деген ақпарат жарияланды бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында.

Осы орайда, Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне растады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында орналасқан Қарашығанақ кеніші - дүние жүзіндегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі. 1979 жылы ашылған.

Қарашығанақ жобасы Қазақстан Үкіметі және Shell (қатысу үлесі 29,25%), ENI (29,25%), Шеврон (18%), Лукойл (13,5%) компанияларының альянсы мен «ҚазМұнайГаз» (10%) арасында жасалған түпкілікті келісім шеңберінде жұмыс істейді.

Ондағы мұнай қоры - 1,2 млрд тонна, газ қоры - 1,35 трлн текше метр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары