$ 494.87  520.65  4.91

«Оның мінезі бар»: Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері жекпе-жек қарсаңында өз ойын айтты

Ғалымбек Кенжебаев екі боксшының арасындағы үшінші кездесуге Головкин жеңіске жетеді деген пікірде.

Геннадий Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев боксшының мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізетін кездесуі қарсаңында өз болжамын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғалымбек Кенжебаев екі боксшының арасындағы үшінші кездесуге Головкин жеңіске жетеді деген пікірде.

"Мен бұл жекпе-жекте Гена жеңеді деп ойлаймын. Себебі оның шеберлігі Альварестен жоғары. Головкиннің жеңісіне сенемін. Оның әуесқой бокстан келе жатқан өзіндік стилі бар. Оның жеңісіне 100 пайыз сенімдімін. Жеңіске жету үшін оған жасы әсер етеді деп ойламаймын. Ол қазір бабында. Оның мінезі бар, Мінезі де оған көмектеседі", - деді жаттықтырушы.

Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйек күні өтеді. Бұл екі боксшы арасындағы үшінші кездесу болмақ. Бірінші жекпе-жекте төрешілер тең есеп тіркесе, екінші кездесуде ұпай санымен Альварес жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары