$ 448.89  477.93  4.76

Шуда болған жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Фото: Спутник Қазақстан
Фото: Спутник Қазақстан

Шуда болған жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жол апаты 9 қыркүйекте түнгі сағат 01:37 шамасында Шу қаласында болды. Mercedes Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен үлкен жылдамдықпен келе жатып, жол бойында келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігінің артқы жағына соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан өртенген Volkswagen Golf көлік жүргізушісі ВАЗ-21150 автокөлігінің алдыңғы жағын соққан. Жол-көлік апаты салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінде болған 21 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында қайтыс болып, осы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. 

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптамалар реті тағайындалды. Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты