$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының жаттықтырушысы достарының алдында суға батып кетті

Хабарлама түскен сәттен бастап жедел құтқару жасағының сүңгуірлері жұмыс істеуде.

Павлодарда "Ертіс" футбол клубының жаттықтырушысы Роман Богданов суға кетіп қалды. Бапкердің денесі бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сүңгуірлер оқиға орын алған аймақтан Ертіс өзенінің түбіне қарай шамамен 6 мың шаршы метр аумақты тексеріп шыққан. Эхолотпен ұзындығы 20-25 км оң және сол жақ жағалау бойынша өзеннің түбіне сканер жүргізілді.

"Хабарлама түскен сәттен бастап жедел құтқару жасағының сүңгуірлері жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда пассивті іздеулер жүргізілуде, бұл - судың бетінен іздеу. Күн сайын жағалау сызығын оң жағынан жоғары және сол жағынан төмен қарай шамамен 25-30 км қашықтықта визуалды тексеру жүргізіледі. Әсіресе шөгінділер мен су басқан ағаш бұтақтарына ерекше назар аударылады", - дейді департаментте.

Әзірге іздеу шаралары нәтижесіз аяқталуда. Іздестіру жұмыстарына төрт құтқарушы және екі жүзу құралы, сондай-ақ Павлодар ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, "VITA" еріктілері, суға батқан адамның туыстары мен достары қатысады. Құтқару қызметі азаматтардан су қоймаларының жанында болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, "Ертіс" футбол командасының жаттықтырушысы 1995 жылы туған Роман Богданов достарының көз алдында жағадан құлап кеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары