$ 494.87  520.65  4.91

«Жыл соңына қарай теңге тағы құлдырамақ» – Сарапшылар

Кейбір сарапшылар әлемде АҚШ валютасы күшейе түсетіндіктен, қыркүйекте теңге әлсірейді деп болжауда.

Мамандар жыл соңына дейін теңге тағы да әлсіреп, инфляция көлемі 17,5 пайызға жетуі мүмкін екенін айтты. Jusan analitics сарапшылары желтоқсан айында 1 доллар 525 теңге шамасында болады деп болжам жасауда, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар порталы. 

Кейбір сарапшылар әлемде АҚШ валютасы күшейе түсетіндіктен, қыркүйекте теңге әлсірейді деп болжауда. Сондай-ақ, қара алтын құны карантиннен кейінгі сұраныстың артуына байланысты өседі деп топшылануда. Бір жағынан мұнайды күн сайын құбылып, қымбаттап жатқан газдың орнына пайдаланған тиімдірек. Сондықтан жыл соңына қарай мұнай бір баррелі үшін 125 доллар шамасында болуы мүмкін. Ал Ұлттық банк өкілдері тамызда теңге бағамы 1 пайызға нығайып, 472 теңге 29 тиын болғанын айтты. Оған экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдері үшін шетел валютасын сатуы ықпал еткен.

“Ішкі факторлар валюта нарығына көбірек ықпал етті. Квазимемлекеттік сектор субъектілері банктер арқылы 469,5 млн АҚШ долларын сатты. Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ”,- деді ҚР ҰБ баспасөз хатшысы Асан Ахметжан.

Экономистер болса, қазіргі 16,1 пайыз деңгейдегі инфляция ақша құнсыздануы жыл соңына дейін 20 пайызға жетуі мүмкін екенін айтады. Пікірлерінше, Ұлттық банк ұсынған деректер қазіргі ахуалға сай емес. 

“Кейбір тауарлардың бағасы екі есе қымбаттаған. Кейбірі жиырма пайыз былай тұрсын, 50 пайыз, 60 пайызға өскен, мысалы. Ондай жағдайда әрине шынайы инфляция әлдеқайда жоғары екендігін байқауға болады”,- деді экономист Мақсат Халық. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары