$ 444.22  476.38  4.82

ІІІ Чарльз ресми түрде Ұлыбританияның патшасы болып жарияланды

Саксон дәуірінен басталған рәсім тарихта алғаш рет теледидардан тікелей эфир арқылы көпшілікке көрсетілді.

ІІІ Чарльзді Ұлыбритания королі деп жариялау рәсімі 10 қыркүйекте Лондонда өтіп жатыр. Чарльз III ресми түрде патшалықтың жаңа монархы болып жарияланды, - деп хабарлайды Sky News.

Рәсімде ІІІ Чарльз халыққа патша ретінде қызмет етуге , анасының "шабыттандыратын үлгісін" ұстануға ант берді.

Саксон дәуірінен басталған рәсім тарихта алғаш рет теледидардан тікелей эфир арқылы көпшілікке көрсетілді. Құпия кеңесшілер, оның ішінде ханзада Уильям мен консорт-патшайым Камила, бұрынғы премьер-министрлер Дэвид Кэмерон, Гордон Браун және Тони Блэр ханзада Чарльзді жаңа патша ІІІ Чарльз деп жариялау үшін кездесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары