11.09.2022, 05:13

«Сайлауға дайындық па?»: Желіде Нұрлан Нығматулиннің жаттығуы жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Бейнежазбадан Мәжілістің бұрынғы спикерінің спорттық бабында екені байқалады.

Бейнежазбадан Мәжілістің бұрынғы спикерінің спорттық бабында екені байқалады, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаның қай кезде түсірілгені нақты белгісіз. Онда қызыл түсті спорттық формадағы экс-спикер боксқа жаттығып, соққылар жасауда.

Видеоны көргендер Нұрлан Нығматулиннің өз жасында ширақ қимылдап жатқанын жазыпты. Пікірлер арасында "Сайлауға дайындық", " Генамен шығайын деп жүрген жоқ па?", "Братва рвется к власти" деген пікірлер де бар.

Тағы оқыңыз: «Құпия кездесу»: Нығматулин, Жақсыбеков және Мәминнің кездескен фотосы жарияланды

Көптен бұрын ел алдына шықпай кеткен Нұрлан Нығматулиннің жуырда Асқар Мамин және Әділбек Жақсыбековпен бірге отырған суреті тараған еді. Артынша экс-спикер елорда аэропортынан Дубайға ұшып кетті деген ақпарат шықты.