$ 444.32  473.33  4.76

Қостанайдағы өрт кезінде өлген мал мен құстардың саны есептелді

Жалпы саны 30 бас ІҚМ, 2 бас ҰММ, 105 шошқа және 130 құс қырылған.

Мамандар Әулиекөл ауданындағы өрт кезінде өлген жануарлар мен құстардың санын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды "Костанайские новости" сайты.

Жергілікті сайттың мәліметінше, Әулиекөл ауданында өрт кезінде өлген ауылшаруашылығы жануарларының құнын өтеуге қатысты түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында өлген жануарлар мен құстардың санын нақтылау бойынша комиссия жұмысының нәтижелері туралы айтты.

Оның айтуынша, 30 бас ІҚМ, 2 бас ҰММ, 105 шошқа және 130 құс қырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары