Минск қаласында керемет той өтті. Белорус азаматтары егіз бауырлар егіз қазақ қыздарына үйленді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Неке қию рәсімін АХАЖ органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің республикалық байқау-конкурсының қатысушылары өткізді.
Жастар өз махаббатарын Белорусь жерінде тапқан. Қыздар Белоруссия медициналық университетіне оқуға түсіп, кейін жұмыс істеуге қалған.
Сергей ауруханада Меруертпен танысса, ал отбасылық кеште Александр Венераны кездестірген.