12.09.2022, 14:40

Өтемақы ретінде 4 миллион теңге талап еткен: Ресейлік автордың мақаласын көшіргені үшін қазақстандық азаматтың басы дауға қалды

фото: ашық дереккөз
Алексей Башук авторлық құқықтың бұзылғанын анықтау үшін ең алдымен плагиат пен рерайттың ара-жігін анықтауды ұсынды.

Қазақстандық маркетолог Ресей копирайтері Максим Ильяховтың мақаласын көшіремін деп төрт миллион теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болды. Ресейлік интеллектуалды құқық жөніндегі заңгер Алексей Башук VC.ru порталында авторлық құқық бұзылған кезде жасалуы тиіс бірнеше қадамдармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік копирайтер, “Пиши и сокращай” кітабының авторы Максим Ильяховтың "Продвинутый курс Главреда" еңбегін қазақ азаматы ұрлап сатқаны анықталған. Ол материалдағы бір-екі сөзді, яғни мысалдарда берілген адам аттарын өзгертіп, оны өзі жазғандай етіп ұсынған. Ильяховтың қорғаушысы Алексей Башук айыпталушыдан  ақша өндіртіп, істі жеңіп шыққан.

Рерайт пен көшірілген мақала

Алексей Башук авторлық құқықтың бұзылғанын анықтау үшін ең алдымен плагиат пен рерайттың ара-жігін анықтауды ұсынды. Плагиат – көшіру, интеллектуалды ұрлау. Рерайт – берілген мәтіннің мән-мағынасын өзгертпей, сөйлем құрылымын ауыстырып жазып шығу.

“Алайда бір-екі сөзді ауыстыру немесе сөздердің орнын ауыстыру рерайт боп саналмайды. “Продвинутый курс Главреда” еңбегін ұрлаған адамның рерайт та жасалмағаны көрініп тұр. Егер Максимнің кітабында “Виталий, у тебя такой интересный стиль работы” деп жазылса, ал көшірген адам “Айдар, у тебя такой интересный стиль работы” деп ұсынған” – дейді Алексей Башук. 

2- мысал:

Максим Ильяховтың нұсқасы:

“Миша, в прошлом месяце ты сделал кучу глупых ошибок по невнимательности. Исправляйся, или уволим”.

Көшірген нұсқа:

“Даурен, в прошлом месяце ты сделал кучу глупых ошибок по невнимательности. Исправляйся, или мы лишим тебя бонуса, а может и уволим”.

“Ең бірінші, мәтінге рерайт жасалғаны немесе қаншалықты көшірілгенін анықтау керек. Ол үшін Антиплагиат платформаларымен тексерсе болады. Егер уникалдылық деңгейі 50%-дан төмен болса, материалға рерайт жасалмаған деген сөз. Мақаланың көшірілгені анықталған соң, құқық бұзған адамға іздеу саламыз” – деді қорғаушы. 

 

“Фейк” авторды анықтау

Заңгердің айтуынша, көшірген адам бұрын-соңды Максим Ильяховтың кітабын сатып алып, пошта арқылы материалды алған екен. Кейін қорғаушы пошта сервисі арқылы оның қазақстандық екенін анықтап, әрі қарай қазақстандық базалардан оның есімін теріп, оның маркетолог, ментор екенін анықтады. Қорғаушы Башук бұл хаттарды нотариусқа барып куәландырады да, домен тіркеушісіне сайт пен почтаға хат дәл осы адамнан келгенін дәлелдеу үшін сұрау салған. Содан кейін құқық бұзушының электрондық поштасындағы әр кітап мысалын түпнұсқа хаттармен салыстырады.

“Материалдың көшірілгені көрініп тұр, тек хаттардың реттілігі өзгеріп, кей сөздерді синонимдермен ауыстырған, сол себепті экспертизаға жүгінген жоқпыз” – деп баяндайды Башук.

Оның пайымдауынша, ресейлік копирайтер екеуі пошта сервисі арқылы заң бұзушының жеке мәліметтерін біліп алып, қай уақытта хатты жібергенін, хаттар бөлімін неше рет ашқаны және әлеуметтік желіге қай құрылғыдан кіргенін көріп алған. 

“Максим “аталмыш” авторға шағым түсіріп, жекесіне жазып, материалды өшіруін және оны енді пайдаланбауын талап етті. Бірақ ол Максимге жауап қатпады, сол үшін біз сотқа жүгіндік” – дейді заңгер.

Инттелектуалды құқықты қорғаушының айтуынша, егер көшіріп алған адам шағымға назар аудармаса немесе шара қолданбаса, сотқа арыз беру керек. Өйткені Максимнің еңбегін ұрлаған адам соның арқасында пайда тауып, өзгелерге сатқаны анықталды.

“Көшірген адам материалды сайтқа жарияласа, сайттың байланыс құралдары арқылы жүгінуге болады. Сонымен қатар, мекенжайлар базасымен жеке тұлға туралы ақпараттар табады. Ол адамды анықтаған соң, Максим сияқты бірінші сотқа дейінгі шағым жазылып, наразылығы бен талабы көрсетілуі тиіс. Егер оған жеткілікті жауап берілмесе, сотқа арыз жазады” – деп түсіндірді ол. 

Сотқа шағымданған кезде, үш маңызды нәрсені дәлелдеу керек: ол – материал авторы өзіңіз екеніңізді, құқық бұзушылық фактісі, яғни айып тағылған адамның кінәсі және өтемақы көлемі мен оның түсіндірмесі.

Авторлықты дәлелдеу

Ресейлік қорғаушының айтуынша, Ильяхов автор екенін дәлелдеу мақсатында сотқа материалдың жазылған күнін, т.б. хаттардың толық нұсқасын ұсынады. Ал жауапқа тартылушы Ильяховтың кітабынан 12 хатты ұрлаған.

“Авторлық құқыққа ие болу үшін арнайы құжат немесе патент қағазы болуы міндетті емес. Интеллектуалды еңбектің бәрі адамның жеке меншігі боп саналады. Ол үшін мақаланың жазылған және жарияланған күнін көрсетіп, скриншот жасалуы тиіс” – деп айтады заңгер.

 

Құқық бұзушылықты дәлелдеу

“Құқық бұзушының мақаланы көшіргенін көрсету үшін Максимнің нотариуспен куәландырылған поштаға жіберілген материалы, өзге жанның көшіргенін дәлелдейтін скриншоттары сотта ұсынады. Дәл сол сияқты көшірілген әрі сайтқа жарияланғанын дәлелдеу үшін оны қағазға шығартып, нотариус қызметімен куәландырамыз. Екі материалдың уақытын көрсетіп, сотқа ұсынуға болады” – деп түсіндіреді Алексей.

 

Өтемақы

Ильяховтың қорғаушысы 12 хаттың әрқайсысын бір туынды деп есептей отырып, әр хатқа бөлек өтемақы талап етеді. Алексей жауапқа тартылушыдан 525 миллион теңге сұратып, нәтижесінде сот құқық бұзушыға 4 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Авторлық құқықты бұзған маркетолог енді ай сайын 150 000, 280 000, тіпті 450 000 теңге төлеуге мәжбүр.

“Интеллектуалды еңбегіңізге зиян келгені үшін өтемақы талап ете аласыз. Өтемақы құнын ұсынып, не үшін мұндай сома сұрайтыныңызды дәлелдей алу керек. Сот сіздің талабыңызды тыңдай отырып, белгіленген мөлшерді тағайындайды” – деп көрсетті инттелектуалды құқықты қорғаушы.

Жоғарыда көрсетілгендей, интеллектуалдық еңбекті басқа елдің азаматы көшірсе де, оны сотқа беріп, қаражат өндіртуге құқыңыз бар.