Түркістан облысында өрт сөндірушілер аяғына темір кіріп кеткен баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 10 қыркүйекте болған. Құтқарушыларға Түркістан қаласындағы Түркістан қаласында Рая Дастанова көшесіне қарсы шарбаққа баланың аяғы қыстырылып қалғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына жеткен кезде 2014 жылы туылған кішкентай баланың аяғы шарбаққа кіріп кеткені анықталды. 2 сағат 34 минутта баланың аяғы шығарылып, 103 қызметкерлеріне тапсырылды", – делінген хабарламада.
Баланың аяғын шығару үшін 5 қызметкер 1 техника жұмылдырылған. Қазір баланың жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, бұған дейін Шучинскте он жастағы бала ауруханаға басына қадалып тұрған темірмен жеткізілген. Анасының сөзінше, бала футбол ойнап жүріп дәл темірдің үстіне құлаған.