$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда сәби cатқан саудагерлер ұсталды

Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға сатпақ болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдіктілер ұсталды. Олар кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға сатпақ болған.

Бүгінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ ресми өкілі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары