$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда әкімнің орынбасары төбелес шығарды

Ал, облыс әкімдігі видеодағы ер адамның облыс әкімінің орынбасары емес екенін мәлімдеді.

Желіде Маңғыстау облысы «әкімі орынбасарларының бірінің» қатысуымен болған төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Сыртқы бақылау камерасына жазылған видео қыркүйектің 10-нан 11-іне қараған түні тараған. Видеоны түсірген қолданушы бұл кадрларда «Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарларының бірі» бейнеленгенін айтқан.

Видеода ер адамдардың төбелесі анық байқалады. «Кейіпкер» алдымен әрірек тұрған азаматты бірнеше рет нұқып жібереді. Одан кейін жанжалды басуға тырысқан азаматқа да қол жүгіртеді.

Облыс әкімдігі видеодағы ер адамның облыс әкімінің орынбасары емес екенін мәлімдеді. Әкімдіктен басқа ақпарат берілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары