Жаңалықтар 13.09.2022 сағат 17:20

«Әкімнің сыйлығы»: Әлем чемпионы атанған бүлдіршінге берілген спортивка жұрттың ашуын тудырып жатыр

Чемпионды мазақ қылғаны ма?
«Әкімнің сыйлығы»: Әлем чемпионы атанған бүлдіршінге берілген спортивка жұрттың ашуын тудырып жатыр
фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қыркүйек айының басында Батыс Қазақстан облысының тумасы Алтынай Саматова Болгарияның Кранево қаласында өткен дойбыдан әлем чемпионатында 9 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Әлеуметтік желіде кішкентай чемпионға әкімшіліктің берген сыйлығы талқыға түсті. Бұл туралы журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Чемпионды мазақ қылғаны ма? депті Оралдан Айболат Букенов:

Болгария мемлекетінде дойбының үш түрінен өткен әлем чемпионатынан үш алтын алып, еліміздің көк Туын қатарынан 3 мәрте көтергізіп, 3 дүркін чемпионы атанып келген жерлесіміз, 8 жасар Алтынай Артур қызымызды құттықтаймыз! Әттеген-айы, чемпион қызымызға елге оралғанда әкімшіліктің берген сыйлығының сықпыты мынау. Шұбатылған спартивка мен бір бет диплом.

Ел үмітін ақтап келген бүлдіршінімізге жасап тұрған құрметі бұл мадақ па, әлде мазақ па?! Осыдан кейін кімнің шабыты оянып, еліміздің спорты қайдан дамиды… Сөзім жоқ, ұят…», – деп жазды ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар