$ 448.89  477.93  4.76

Тоқаев Рим Папасын қарсы алды

Бүгін кешке Рим Папасы  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтеді.

Нұр-Сұлтан әуежайында Рим Папасы Францискті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, - деп хабарлайды Skifnews порталы.

Бүгін кешке Рим Папасы  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Сонымен қатар, Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесуге қатысады деп күтіліп отыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінен кейін Рим Папасы Франциск мен мыңдаған католик дінін ұстанушылар арнайы дұға (месса) өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Рим папасы