Жаңалықтар 14.09.2022 сағат 18:20

Астанада Рим Папасының қасиетті мессасы өтіп жатыр

Қасиетті месса EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтіп жатыр.
Астанада Рим Папасының қасиетті мессасы өтіп жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордада болып жатқан Рим Папасының қасиетті мессасын қазақстандықтар онлайн көре алады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі Facebook парақшасында тікелей эфирде жүріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, қасиетті месса EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтіп жатыр. Онда Рим Папасының уағызын тыңдау үшін еліміздің тұрғындары мен қонақтары жиналды. Уағызға үш мыңнан астам қажылар қатысады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысу үшін келген болатын.

Бүгін дін көшбасшыларының съезінде ол Абайдың сөзін мысалға келтіріп, қақтығыстарды қару-жарақпен емес, "тәңірі жарылқайтын" құралдар – диалогтармен және сабырлы келіссөздермен шешуге шақырды.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар