Жаңалықтар 15.09.2022 сағат 09:40

Димаш Құдайберген Головкин - «Канело» трилогиясында еліміздің әнұранын орындайды

Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді.
Димаш Құдайберген Головкин - «Канело» трилогиясында еліміздің әнұранын орындайды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын орындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәстүр бойынша жекпе-жек басталар алдында әнұран айтылады. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді. Бұған дейін оны Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсететіні белгілі болды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар