$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда біреулер жігіттің қолын кірпішке қойып, шынжырмен ұрған

Әңгіме барысында біреуі тіпті «Балта қайда? Әкеліңдер», дейді.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Видеода бетперде киіп алған бірнеше адам жас жігіттің басында қолынан, кейін басынан соғып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Facebook әлеуметтік желісінде тараған видеода бірнеше адам жас жігітті тізірлетіп отырғызып, қолдарын басында домалық темірі бар шынжырмен ұрып жатқанын байқауға болады. Әңгіме барысында біреуі тіпті «балта қайда? Әкеліңдер», дейді.

Желі қолданушыларының дені жігітті аяп, полиция қайда қарап отырғанын жазса, енді бірі синтетикалық есірткі таратқыштарды осылай жазалау керек деп жатыр.

"Таяқ жеп жатқан жігіт — есірткі таратушы. Сол әрекетімен жүздеген адамдың өміріне балта шапты", "Адамдар өздері соттайтын болған ба? Недеген жауыздық мынау?", — деп пікірлер екіге жарылды.

Ал Маңғыстау облысы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысушыларды анықтаған.

Қазіргі кезде күдіктілерді ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары