Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты қалалық полиция департаменті Жол-патрульдік полкінің командирі әрі Жергілікті полиция қызметі бастығына үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот материалдарына сәйкес, ол лауазымын атқару барысында лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалана отырып, өз қарамағындағы полиция инспекторы жәбірленуші А.-ға жалпы сомасы 3 194 305 теңге тұратын бағалы заттарды (жиһаз, ұялы телефон, қол сағаты, иіс суы, тұрмыстық заттар) алдыртып, жәбірленушіге елеулі зиян келтірген.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен. Ал қорғау тарапы прокурордың пікірімен келіспей, сотталушыға қатысты ақтау үкімін сұраған.
Сот Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша үкім шығарды. Сотталуыны белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, полицияның бұрынғы қызметкерін 7 жылға бас бостандығынан айырды.