Түнгі бірлер шамасында Ақтөбе полицейлеріне белгісіз әйел көшеде қалған бес айлық сәбиді алып келген.
«Ол 8 наурыз көшесіндегі орындықта жылап жатты. Мен оның анасын мас күйінде көрдім, ол белгісіз бағытта кетіп қалды, ал бала орындықта қалды», деп түсіндірді әйел.
Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, педиатрдың қабылдауын алып, сәбиді «Үміт» балалар үйіне орналастырды.
Бір сағаттан кейін анасы келді. Ол өзі полицияға хабарласып, сәбиінің жоғалып кеткенін айтқан.
Полицейлер оны тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тексерді. Отбасы мүгедек ретінде есепке алынған. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.
Әйелдің мінез-құлқы қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының отырысында қаралады. Бала анаға осы комиссияның шешімімен ғана қайтарылады.