Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Бұл туралы caravan.kz порталы хабарлайды.
«Елімізде мешіттер неге тым көбейіп, адамдар неге толассыз, жарыса мешіт салып жатыр десем, күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік бар екен ғой…
Қайтейін-ай, қайтейін… Олар Алла Тағала күнәні кешіріп, сауаптан жазатын маңызды шаралардың тым көп екенін білмейді ғой… Құранды оқымаса, қайдан білсін?!. Қасындағы ақылман, данышпан кеңесшілері де, сәлделері дағарай болған дінбасылары да күнәні жуып-шаюдың мектеп салу, көпір салу, жол салу, баспанасызға баспана салу, халыққа қайырымдылық жасау сияқты мың сан жолы барын айтпаған ғой», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.