$ 446.49  475.38  4.79

Елорда әуежайының атауы өзгере ме?

Әуежайдың атауын өзгерту және сол атауды беру туралы шешім қабылдағандар шешеді.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Бұл сұраққа Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді. Айтуынша, әуежай атауын өзгерту Парламенттің құзыретінде жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БАҚ өкілдері министрден: «Нұр-Сұлтан қаласының атауы өзгеруіне байланысты елордалық әуежайдың атауы да өзгеруі мүмкін бе?» деп сұраған болатын.

Әуежайдың атауын өзгерту және сол атауды беру туралы шешім қабылдағандар шешеді. Мұны әуежай әкімшілігі немесе Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қайсысы қабылдаса, сол шешім болады. Бұл Парламенттің, тіпті Конституцияның да құзыретіне кірмейді, - деп түсіндірді Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі Қанат Мусин.

Бүгін астанада өткен қос палатаның бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заң жобасын Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Қабылданған заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгереді.Тағы бір айта кетерлігі,  Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойылады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары