$ 494.87  520.65  4.91

6 шілде Елорда күні болып қала бере ме? - министрлік жауап берді

Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз жоқ.

Бүгін сенат пен мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан атауын Астанаға ауыстыру туралы шешім қолдап, дауыс берді. Осы орайда, Әділет министрлігі 6 шілдеге қатысты ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Жыл сайын 6 шілдеде елорда күні тойланады. Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл дата сол күйінде қалады, 

"Астана күнін кейінге қалдыру туралы сөз жоқ. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес Астана күні 6 шілдеде тойланады", - деп жауап берді әділет министрлігі.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте парламент депутаттары елорданың бұрынғы атауы – Астана атауын қайтаратын Конституцияға өзгертулер енгізуді екі оқылымда қолдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары