18.09.2022, 00:20

Ақтауда теңіз жаяу әскері «GGG» әріптерін құрып, Головкинге қолдау білдірді (ВИДЕО)

Фото: ҚазАқпарат
Біз оған қолдау көрсетіп, оның жеңіске жететініне сенеміз.

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері құрамасының әскери қызметшілері жекпе-жек алдында Генадий Головкинді қолдап, флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында жазды.

Әскери қызметкерлер Саул Альвареспен жекпе-жекте қазақстандық боксшыға қолдау көрсетіп, жеңіс тіледі. Сарбаздар "GGG" әріптерін құрып, сап түзеді.

"Біз, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, жерлесіміздің жетістіктерін жіті бақылап жүреміз. Біз — ел бейбітшілігі мен тыныштығын қамтамасыз ететін жауынгерлерміз. Ал, Геннадий Головкин әлемдік аренада көк байрағымызды көкке көтермек. Біз оған қолдау көрсетіп, оның жеңіске жететініне сенеміз", — деді теңіз жаяу әскері бригадасының командирі, подполковник Жаннұр Сатқынов.