Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің аты аңызға айналған отандасы Геннадий Головкинді қолдау үшін T-Mobile (Лас-Вегас, АҚШ) аренасына келді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бүгін GGG мексикалық Саул Альвареспен үшінші рет қолғап түйістіреді. Жәнібек Әлімханұлы да өзінің менеджерімен бірге аренада көрермендер арасында көптен күткен трилогияны күтуде. Жәнібек камераға «Алға, Қазақстан!», деп қолдау білдірді. Видео Instagram-дағы «Qazaq style» парақшасында жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, GGG — «Канело» үшінші жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы шығады.