$ 489.06  536.21  5.05

Автобустағы даулы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Сыйламаймын үлкен кісілерді, болды ма?
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қоғамдық көлікте әйел адаммен орын үшін сөз таластырған жас жігіттің әрекеті кешелі бері қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.  

Видеода жас жігіт әйел адамға орын бермей, жасы үлкендерге құрмет көрсетуге міндетті емес екенін айтады. Орын үшін таластың аяғы айғайға ұласады.

Тағы оқыңыз: «Сыйламаймын үлкен кісілерді!»: автобуста орын бермеген жігіттің қылығы желіде талқылануда (ВИДЕО)

Ақшасын төлеп отырмын. Орын бергім келмейді. Сыйламаймын үлкен кісілерді, болды ма? Басқа әңгімеңіз бар ма?, - дейді жас жігіт.

Оның бұл әрекеті көпшіліктің қатаң сынына ұшыраған болатын. Тіпті үлкендерге құрметсіздік танытқан жігітке қарғыс айтқандар да табылған еді. Бүгін белгілі болғандай , бұл оқиға қолдан ұйымдастырылған қойылым екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары