Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жегінде сол қолын жарақаттап алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Енді оған ота жасалады.
"Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті стақан да ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ мен жауынгермін", - деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын.