$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда көлік түйеге соқтығысып, екі адам көз жұмды

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды.

Жетібай-Ақтау тас жолының бойында көлік түйелерге соқтығысып, екі жолаушы қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Департамент мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте сағат 22:41 шамасында болған.

«Ваз 21154» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласынан Шетпе ауылына баратын жолда екі түйені қаққан. Тас жолдағы оқиғадан екі жолаушы көз жұмып, бес адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары