Алматыда «Атакент» халықаралық көрме орталығының алдында сауық-кешіне жиналған студенттер жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz басылымы.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Полиция мәліметінше, жаппай төбелеске Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері қатысқан. Қазір олар ұсталды. Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ.
“Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылардың әрқайсысы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Олардың әрқайсысының әрекетіне тергеу тарапынан құқықтық баға беріледі”, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.