$ 449.58  486.94  4.86

Альвареспен үшінші айқастан кейін Головкин әлемдік рейтингі жоғарылап кетті

Айқасқа дейін аталған тізімде сегізінші орында тұрған Головкин Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.

BoxRec.com порталы салмақ санаттарына қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшыларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші айқасқа дейін аталған тізімде сегізінші орында тұрған болса, Альварестен жеңілгеннен кейін бірден үш сатыға көтеріліп, бесінші орынға орналасты.

Boxrec-тің P4P жаңартылған рейтингі:

1. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Ресей)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Геннадий Головкин (Қазақстан)
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
7. Эррол Спенс-младший (АҚШ)
8. Наоя Иноуэ (Жапония)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ)

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні Головкин – Альварес жекпе-жек кешінің андеркартында АҚШ өкілі Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) жеңген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов те (18-1, 14 КО) Boxrec.com рейтингінде бірден 37 сатыға көтерілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары