$ 494.87  520.65  4.91

Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орындарында ҰБТ-сыз түсе алады

Кеңесші жобаны іске асыру ауқымды заңнамалық өзгерістерді қажет етпейтінін айтты.

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева әскерге шақырылған сарбаздар қызметін өтеген соң ҰБТ нәтижесін тексермей-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына түсе алатынын айтты.

Олар ақылы да, тегін де оқуға мүмкіндік алады. 

"Қазір еліміздің барлық өңірлеріндегі жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, әскери қызметке деген ынтасын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігінің жобасы жүзеге асырылуда. Бізге қазірдің өзінде 30-ға жуық жетекші жоғары оқу орындары (Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті және т.б.) қолдау көрсетті. Қорғаныс министрлігіне тиісті қолдау хаттары келіп түсті", - деді Айгүл Төлембаева.

Әскерге шақыру бойынша борышын өтеген қазақстандықтар ҰБТ ұпайларын есепке алмай, жоғары оқу орындарына ақылы түрде түсе алады.

Кеңесші жобаны іске асыру ауқымды заңнамалық өзгерістерді қажет етпейтінін айтты.

- Әскери борыныш өтеп келгендер жоғары білімді кез келген мамандық бойынша ала алады. Және олар жоғары оқу орнындағы әскери кафедрадан тегін білім алады, - дейді Қорғаныс министрінің кеңесшісі. 

Бір жыл ішінде тиісті жоба әзірленеді. Қол жетімді университеттер мен кафедралардың тізімі кейінірек жарияланады.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі екінші деңгейлі банктермен әскери борышын өтеп жүргендерге несиелік демалыс беру мәселесін пысықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әскери #ҰБТ #ЖОО