19.09.2022, 18:20

Еліміздегі автожолдарда Нұр-Сұлтан жазуы бар белгілер ауыстырыла бастады (фото)

Елорда атауының өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 467 ақпараттық панно ауыстырылмақ.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Facebook желісіндегі ресми парақшасында елорданың ескі атауын ауыстыру жұмыстары басталғанын хабарлады. Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорда атауының өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 467 ақпараттық панно ауыстырылмақ. 

«Бүгінгі таңда 100-ге жуық ақпараттық панноға демонтаж жасалды. Жұмыстар жалғасып жатыр. Ақпараттық панноларды ауыстыру республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте еліміздің бас қаласы қайтадан Астана деп аталатыны туралы заң қабылданды. Бүгіннен бастап заң күшіне енді. Елорда 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан деп аталып келген еді.