Жаңалықтар 21.09.2022 сағат 10:00

Каспий жағалауы өртке оранды (ВИДЕО)

"Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қамыс жанды.
Каспий жағалауы өртке оранды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

20 қыркүйек сағат 08:57-де Атырау қаласы Кеңөзек ауылы Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи қорығы аумағында қамыс жанды. Өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникалары өте алмағандықтан, өрт әуеден сөндіріліп жатқаны мәлім болды.

"Елді мекендерге қауіп төніп төнген жоқ", дейді Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Ведомство өкілдері төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 2 техникасы және "Ақ Жайық" МТР 5 жұмысшысы мен 2 техникасы бақылау жүргізіп жатқанын атап өтті.

Төтеншеліктер 21 қыркүйек күні 7:30 сағатта МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20 көлемінде 2 өрт ошағын және 100 м көлемінде бықсып жатқан жер анықталғанын хабарлады.

"Өрт ошағына жету жолдардын іздестіру кезінде батпақты жерде батып қалған TREKOL автокөлігі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ", Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Қазіргі уақытта өртті әуеден сөндіру жумыстары жүріп жатыр. Елді мекенге қауіп жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар